Шахтинск қаласында базардың жанында орналасқан ашық құдықтар тұрғындар үшін елеулі қауіпке айналды. Қыстың күндері мұз бен қар басқан аумақта қауіпті орынды дер кезінде байқау қиын, ал мұндай жағдай қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл аумақпен күнделікті базарға қатынайтын тұрғындар, оның ішінде балалар мен қарттар жиі өтеді. Соған қарамастан, қала әкімдігі мен жауапты мекемелер аталған жерді қоршау немесе құдық қақпағын жауып, қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша нақты әрекет жасамаған.
Тұрғындар бұл жағдайды азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнген тікелей қатер деп бағалап, қауіпті нысандарды тез арада жабуды және тиісті мекемелердің жауапкершілігін арттыруды талап етуде.
