Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

Фото: видеодан скрин

Түркістан облысы Отырар ауданында орналасқан мақта зауытында ірі өрт шықты. Оқиға 2025 жылғы 14 желтоқсан күні таңғы сағат 03:57-де Отырар ауданына қарасты Темір ауылында тіркелген. Өрт мақта қабылдау пунктінің ашық алаңында болып, шамамен 360 шаршы метр аумақта жиналған мақта жанған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Төтенше жағдай салдарынан жалпы салмағы 260 тонна мақта жанып кеткен. Қоймада барлығы 4500 тонна мақта сақталғаны белгілі болды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында 4240 тонна мақтаны аман алып қалуға мүмкіндік туған. Өрт сағат 06:54-те толықтай сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика