Сауд Арабиясының тақ мұрагері «Барселонаны» сатып алуы мүмкін

Фото: x.com/@F_GallardoTV

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман Әл Сауд испаниялық «Барселона» футбол клубын сатып алу мүмкіндігін қарастырып жүргені айтылуда. Бұл жөнінде El Chiringuito TV арнасының тілшісі Франсуа Галлардо X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ақпаратқа сәйкес, тақ мұрагері каталондық клубты шамамен 10 млрд еуроға бағалап, сатып алу жөнінде ұсыныс білдіруі ықтимал.

Дегенмен мәміленің жүзеге асуына клуб құрылымы кедергі келтіруі мүмкін. Себебі «Барселона» – мүшелік жүйемен басқарылатын ұйым, ал негізгі шешімдер клуб мүшелерінің дауыс беруі арқылы қабылданады.

Тілшінің дерегінше, қазіргі таңда «Барселонаның» жалпы қарызы 2,5 млрд еуродан асып кеткен.

Ал Forbes журналының бағалауынша, клубтың нарықтық құны шамамен 5,6 млрд долларды құрайды. Бұл көрсеткіш «Барселонаны» әлемдегі ең қымбат бес футбол клубының қатарына енгізіп отыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика