Қырғызстанда Жаңа жылдық отшашудан бас тарту ұсынылды

Фото: bulak.kg

Қырғызстанның Табиғи ресурстар министрлігі мемлекеттік органдарға биылғы Жаңа жыл мерекесінде отшашулардан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Ведомствоның түсіндіруінше, пиротехникалық өнімдер атмосфераға айтарлықтай зиян келтіреді. Қыс мезгілінде ауа температурасының инверсиясы жиі байқалатындықтан, зиянды бөлшектердің шоғырлануы күрт артып, экологиялық жағдайды нашарлатады.

Сонымен қатар отшашулар қатты тұрмыстық қалдықтардың көбеюіне және өрт қаупінің артуына себеп болатыны атап өтілді.

Министрлік мерекелік шараларға экологияға зияны жоқ балама нұсқаларды – жарық инсталляциялары, LED-иллюминациялар және дрон-шоуларды қолдануды ұсынды.

«Осыған байланысты министрлік мемлекеттік органдарды, қала әкімдіктері мен жергілікті атқарушы құрылымдарды биылғы мереке кезеңінде отшашуды пайдаланбауға шақырады», – делінген ресми хабарламада.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика