Фото: https://www.instagram.com/mukhamedzhan_tazabek
Белгілі айтыскер ақын әрі қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек денсаулығына байланысты жайсыздыққа тап болғанын хабарлады, деп жазады Qazaq Today.
Ол жағдайы туралы ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Сапар, боран, ұзақ жол және аз ұйқы – мұның бәрі тұмаудың күшеюіне себеп болды. Алладан шипа тілеп отырмын», – деп жазды Тазабек.
Желі қолданушылары ақынға тез сауығуын тілеп, қолдау білдірді.
Біршама уақыт өткен соң ол халінің жақсарып келе жатқанын айтты.
«173 мың адамның ықыласы оңай емес қой. Бүгін өзімді жақсы сезіне бастадым, тұмау да қайтып келеді. Дұғаларыңызға көп рақмет», – деп жазды ол.
