Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру: 105 жоба 775 млрд теңге инвестиция тартады Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру: 105 жоба 775 млрд теңге инвестиция тартады Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

    «Үлкен қиындық болды»: Әли Оқапов жеке өмірі туралы айтты

    «Үлкен қиындық болды»: Әли Оқапов жеке өмірі туралы айтты

    Фото: видеодан скрин

    Әли Оқапов өзінің ең үлкен қорқынышы туралы айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

    Бұл туралы өнер жұлдызы Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

    Айтуынша, ол үшін ең ауыр соққы – дауысынан айырылып қалу қаупі.

    «Мұндай жағдайды бастан кештім. Дисфония деген сырқат бар. Маған ол алты жыл бұрын пайда болды, әлі де бар. Қазір сонымен күресіп жүрмін. Соңғы бірнеше жылда 5-10 пайызға жақсарып келеді. Соған бейімделіп, қайта ән айтуға үйрендім. Бұл өте сирек кездесетін ауру. Себебі белгісіз. Біреулер мұны психологиялық күйзелістен дейді. Кей адамдарда жұмыс, отбасы, жеке өмір бөлек болады. Ал менде бәрі өнермен байланысқан: отбасым да, махаббатым да, достарым да, өмірім де – өнер. Сондықтан кез келген мәселе бірден барлығына әсер етеді. Жеке өмірімде үлкен қиындық болды, оның салдары жұмысым мен отбасымның да өміріне ықпал етті», – деді әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →