Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бельгия королевасы Матильда Астанада қазақстандық зергердің гауһар сырғасын тақты • Қалаңыздың энергетикасы: нумерология арқылы өз мекеніңізді танып-білу • Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Бельгия королевасы Матильда Астанада қазақстандық зергердің гауһар сырғасын тақты • Қалаңыздың энергетикасы: нумерология арқылы өз мекеніңізді танып-білу • Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды •

    «Жылап ән арнадым»: Мақпал Жүнісова алғашқы махаббаты жайлы сыр шертті (ВИДЕО)

    «Жылап ән арнадым»: Мақпал Жүнісова алғашқы махаббаты жайлы сыр шертті (ВИДЕО)
    Фото: Instagram/zhunusova.makpal

    Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова “Хабар” арнасының “Алғашқы” бағдарламасында өзінің алғашқы махаббаты жайлы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әншінің айтуынша, алғашқы сезімі мектеп қабырғасында басталған.

    «Әлі ұмытқан жоқпын. Үшінші сыныпта оқып жүргенімде бесінші сыныпта Қанат Каргузов деген бала бар еді. Өте сымбатты болатын. Бірақ бұл махаббат маған бұйырмады», – дейді ол.

    Жүнісова “Гүлдер” ансамбліне келген жылдары Қанат әскерден оралған. Сол кезде оның досы Қабдеш арқылы әншіге хабар жолдап, кездесуге шақырған.

    «Мен: “Оған бір жыл шыдасын деп айт. Әзірге жұмыс істейін, бір жылдан кейін жазда барамын, үйленеміз” деп уәде бердім. Бірақ ол күте алмады. “Кетсең де шалғай” әнін сол Қанатқа арнап, жылап айтқан едім», – деп еске алды өнер иесі.

    Әншінің айтуынша, Қанат өмірден өтіп кеткен.

    «Бес жыл бұрын Қанаттың баласы хабарласты. “Мақпал апа, мен Қанат Каргузовтың баласы едім” деді. Жүрегім дір ете қалды. “Әкемнің аманаты бар еді, қайтыс болғанда Мақпалға айт” деп өсиет қалдырған екен. Әлі күнге дейін оның альбомында менің суреттерім мен хаттарым сақтаулы», – деді Мақпал Жүнісова.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →