Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Франция халқын құттықтады Алматы әкімі Дархан Сатыбалды спорт инфрақұрылымын жаңғыртуды тапсырды Сұлтан Сәрсемәлиевке сот үкімі шықты Жамбас сұрасаң, қабырға береді: Базардағы етке сүйек қосып сату айласына вице-министр де алданған Маусымдағы аптап ыстық Еуропада 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында күміс алып, сәтсіздіктер сериясын тоқтатты Президент Франция халқын құттықтады Алматы әкімі Дархан Сатыбалды спорт инфрақұрылымын жаңғыртуды тапсырды Сұлтан Сәрсемәлиевке сот үкімі шықты Жамбас сұрасаң, қабырға береді: Базардағы етке сүйек қосып сату айласына вице-министр де алданған Маусымдағы аптап ыстық Еуропада 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында күміс алып, сәтсіздіктер сериясын тоқтатты

    «Елді бұзатын жобаларымен бәленбай ақшаны сыпырып алады»: Танымал емші Баян Алагөзоваға шүйлікті (ВИДЕО)

    «Елді бұзатын жобаларымен бәленбай ақшаны сыпырып алады»: Танымал емші Баян Алагөзоваға шүйлікті (ВИДЕО)

    Коллаж: Sn.kz

    Халық арасында Бағдагүл емші атымен танылған ақтөбелік әйел желіні шулатты. Бұл жолы ол продюсер Баян Мақсатқызы мен телжүргізуші Динара Сәтжанға шүйлікті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Үкіметтің ақшасын оңды-сол шашып жүр деп Баян Мақсатқызын айыптаған ол Тұрсынбек пен Мөлдірдің арасында болған жайтқа да қос құрбыны кінәлады.

    «Мына Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан екеуі шылқып жүр ғой. Оның бәрі қазынадан түскен ақша. Итке керек емес, елді бұзатын жобаларымен Үкіметтен бәленбай ақшаны сыпырып алады. «Қазақ аруын» өткізеді өзінің қыз сықпыты жоқ. Инабаттылығы жоқ имандылығы жоқ Баянның қыздарған арналған конкурсы кімге керек? Тұрсынбектің әйелін қасына алып алыпты. Сол отбасыларды отқа май құйып ажырастырып отырған Баян. Динара мен Баянның қасында жүріп тапқан Мөлдірдің өнегесі сол болды. Әйтпесе Мөлдір тәрбиелі әрі ақылды әйел», — деді ашуланған емші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →