Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • «Қайрат» УЕФА Конференция лигасында Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең түсті • Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің 56%-ы әйелдер — ЕҚЫҰ сессиясында айтылды • Каспий түбімен тартылған 380 шақырымдық оптикалық кабель іске қосылды • Пәкістанда мектеп шатыры опырылып, 28 бала мен екі мұғалім қаза тапты • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • «Қайрат» УЕФА Конференция лигасында Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең түсті • Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің 56%-ы әйелдер — ЕҚЫҰ сессиясында айтылды • Каспий түбімен тартылған 380 шақырымдық оптикалық кабель іске қосылды • Пәкістанда мектеп шатыры опырылып, 28 бала мен екі мұғалім қаза тапты •

    Ұланғасыр Қами екіқабатты үйін көрсетті (ВИДЕО)

    Ұланғасыр Қами екіқабатты үйін көрсетті (ВИДЕО)

    Танымал әнші Ұланғасыр Қами екіқабатты үйіне рум-тур жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Өнер иесі ауылдағы ата-анасын қолына көшіріп алғысы келетінін жасырмады.

    “Мен үшін бүгін тарихи күн. Өздеріңіз көріп тұрғандай екіқабатты үйімді салып біттім. Қарағанды облысы, Талды ауылынан анам қолыма көшіп келе жатыр. Зейнет демалысына шыққан еді. Енді кенжесінің қолында тұратын болады”, – деді әнші.

    Одан кейін анасының әр бөлмеге кіріп, шашу шашып жүргенін көрсетті.

    Эстрада жұлдызы Алматы қаласының іргесінен зәулім үй соққан еді. Өнер иелерінің достары қоныстойға ерекше сыйлық тарту еткенін жазған едік.

    “Қонақтарға дастархан дайын. Назерке жасап беріп кетті. Продюсерім, әрі көршім. Мен достарыма қалжыңдап айтып едім. Олар екі қой алып келіпті. Бір марқайып қалдым. Дәулет Өсербай бауырым жылқы мінгізді. Бәрі үйімнің көрімдігі екен. Достарым аман болсын. Шынымен де, күтпедім!”, – деп жазды әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →