Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды •

    Аягөзде сарбаз қаза тапты

    Аягөзде сарбаз қаза тапты
    Фото: azattyq-ruhy.kz

    Абай облысының Аягөз әскери бөлімінде Саламат Сәбитов есімді 18 жастағы мерзімдегі сарбаз көз жұмды. Туыстарының айтуынша, оны әскерилер ауруы туралы анықтамасына қарамастан әскерге алып кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жігіт наурыз айында Солтүстік Қазақстан облысынан шақырылған. Ол әскерде үш апта ғана болып, тіпті ант қабылдап та үлгермеген. Марқұмның туыстары Саламаттың денсаулығында назар аударарлық мәселелер болғанын айтады.

    «Ол әскерге жарамсыз болды. Қолымызда анықтама да болды. Саламаттың омыртқасы ауырған. Көзінде көру қабілетінде де мәселелер болды. Бұған қарамастан, оны танк бөліміне қызмет етуге жіберді. Ол бір апта ауруханада жатты. Жағдай қалай нашарлады, ата-анасын шақырды», – деді оның туыстары.

    Қазір қаза тапқан сарбаздың ата-анасы Аягөзде. Өлімнің алдын-ала себебі – менингитке байланысты мидағы іріңнің қабынуы.

    Қорғаныс министрлігі Саламат Сабитовтың көз жұмғанын растады және кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.

    Дереккөздерде Саламат Сәбитовты әскерге жіберген Солтүстік Қазақстан облысының әскерге шақыру комиссиясында ішкі тексеру басталғаны айтылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →