Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарасай ауданындағы электр дауы: Әкімдік жекеменшік трансформаторларды неге тексермейді? Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағыты уақытша өзгереді Атырауда әкімдік мектепке көмектен бас тартты: Көпбалалы аналар көшеге шығуға мәжбүр болды Сотқа дейінгі тергеу басталды: Ақтауда Toyota Prado көлігінен 256 келі бекіре балығы табылды Атырауда белгісіз компания көпқабатты үйді трактормен құлатпақ болған «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО) Қарасай ауданындағы электр дауы: Әкімдік жекеменшік трансформаторларды неге тексермейді? Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағыты уақытша өзгереді Атырауда әкімдік мектепке көмектен бас тартты: Көпбалалы аналар көшеге шығуға мәжбүр болды Сотқа дейінгі тергеу басталды: Ақтауда Toyota Prado көлігінен 256 келі бекіре балығы табылды Атырауда белгісіз компания көпқабатты үйді трактормен құлатпақ болған «Омырауын салбыратып..»: Мәдина Сәдуақасованың образы көптің ашуына тиді (ВИДЕО)

    Букмекерлерден пара алған экс-шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

    Букмекерлерден пара алған экс-шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

    Сәкен Мұсайбеков Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры болып бекітілді

    Қазақстан хоккей федерациясының кезектен тыс республикалық конференциясының шешімімен Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков бас директор лауазымына тағайындалды. Федерацияның ресми мәлімдемесіне сәйкес, Мұсайбековтің спорт саласындағы мол тәжірибесі мен жоғары біліктілігі шайбалы хоккейдің дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

    Мұсайбеков бұған дейін мәдениет және спорт вице-министрі, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы сияқты лауазымды қызметтерді атқарған. Сонымен қатар, федерацияның халықаралық байланыстарын нығайту мақсатында Глеб Қаратаев вице-президент болып тағайындалды.

    Федерация басшысы – Асқар Мамин

    Айта кетейік, Қазақстан хоккей федерациясын бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин басқарады. 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босатылғаннан бері Мамин хоккей федерациясындағы жұмысымен шектеліп келеді.

    Мұсайбековтің өткен қателіктері

    Сәкен Мұсайбековтің жаңа тағайындалуы қоғамда түрлі пікір туғызуда. Себебі ол 2021 жылы ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған болатын. Мұсайбеков букмекерлік компанияларға қолдау көрсету үшін пара алып, ол қаражаттың 4 миллион теңгесін әйеліне Hermes сөмкесін сатып алуға жұмсаған. Кейін экс-шенеунік кінәсін мойындап, мемлекетке 62 миллион теңге айыппұл төлеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →