Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекет басшысы ақын Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толуымен құттықтады Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы дебютінде чемпиондық белбеуге таласпақ Шығыс Қазақстанда ақша бопсалаған 23 жастағы күдікті ұсталды «Кенжештің жағдайын сұрадым»: Сәкен Майғазиев әріптесінің денсаулығынан хабар берді Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел қаза тапты BI Group салған үйде терезе сынып, әйнек адамдардың үстіне жауды Мемлекет басшысы ақын Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толуымен құттықтады Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы дебютінде чемпиондық белбеуге таласпақ Шығыс Қазақстанда ақша бопсалаған 23 жастағы күдікті ұсталды «Кенжештің жағдайын сұрадым»: Сәкен Майғазиев әріптесінің денсаулығынан хабар берді Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел қаза тапты BI Group салған үйде терезе сынып, әйнек адамдардың үстіне жауды

    Бозымбаев ешбір қағидаға көнбейтін Алтын Орда базарын реттемек

    Бозымбаев ешбір қағидаға көнбейтін Алтын Орда базарын реттемек. Облыс әкімі бұл базардың айналасында жиналған проблемаларды шешетінін айтты. Бұл туралы Qazaq.Today басылымы жазды.

    Алматының іргесіндегі аты шулы Алтын Орда базары тіптен елге толықтай локдаун енгізілгенде де жұмысын тоқтатпаған еді. Алматыны азық-түлікпен қаматамасыз етіп тұрған базардағы сауда айналымы мен салық төлеу жағы да қадағалауға алынбақ.

    «Алтын Орда базары қызметінің төңірегінде жинақталған проблемаларды шешу мақсатында барлық бағыттар бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Құрылыс, санитарлық және салықтық бақылау көзделген»,- деді баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев.
    Аймақ басшысы нарық қызметін жеңілдету және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Іле ауданында А+класты автоматтандырылған логистикалық хаб салынатынын хабарлады.

    «Логистикалық хабтың аумағы 200 мың шаршы метрді құрайды. Ол Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың біріне айналады. Ол үшін 200 млн.АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартамыз, шамамен 1 500 жаңа жұмыс орны құрылады», — деді Алматы облысының әкімі.
    Қанат Бозымбаев бұлжобаны жүзеге асыру үшін «AIRBA FF» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, компанияның негізін қалаушы Эдуард Киммен өзара меморандумға қол қойған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →