Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сексологқа бару – ұят па? Маманның көмегі қашан қажет Бішкекте ШЫҰ саммиті мен көшпенділер ойындары кезінде сауда нысандары жабылады Сингапурда пәтерін қоқыс басқан әйел төрт жыл баспалдақта ұйықтаған Ақмола облысының тұрғыны жалған инвестициялық платформаға сеніп, 10,2 млн теңгеден айырылды Қайтарылған активтердің 610 млрд теңгеден астамы Қазақстан өңірлерін дамытуға бағытталған Түркістанда бес қабатты үйде өрт: екі бала құтқарылды Сексологқа бару – ұят па? Маманның көмегі қашан қажет Бішкекте ШЫҰ саммиті мен көшпенділер ойындары кезінде сауда нысандары жабылады Сингапурда пәтерін қоқыс басқан әйел төрт жыл баспалдақта ұйықтаған Ақмола облысының тұрғыны жалған инвестициялық платформаға сеніп, 10,2 млн теңгеден айырылды Қайтарылған активтердің 610 млрд теңгеден астамы Қазақстан өңірлерін дамытуға бағытталған Түркістанда бес қабатты үйде өрт: екі бала құтқарылды

    «Сөзінің ұйқасын таппай қалдық»: Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұраровтың әйелі оқырмандарының сұрағына жауап берді

    «Сөзінің ұйқасын таппай қалдық»: Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұраровтың әйелі оқырмандарының сұрағына жауап берді

    Боксшы Жанқош Тұраров 28 жастағы Әнару Құрманәліні зорлады деген ақпаратқа спортшының әйелі сенбейтінін айтты. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі хабарлайды. 

    Фото: Видеодан скриншот

    Блогер Клара Иса – спортшының сегіз жылдан бері заңды некедегі әйелі. Ол жеке парақшасында трендке қатысты видеосын жүктеп, ер мен әйелдің бір-бірлеріне жиі қоятын сұрақтарын тізді.

    “8 жылда күніне 1045 рет қоятын сұрақтарыма автоматты түрде жауап айтатын болған. “Жан деп бастасам болды: “Мен сені жақсы көремін, сенен ажыраспаймын, сен өліп қалсаң, басқа ешкімге үйленбеймін” деп айтады. Ең жиі қоятын сұрақтарыңыз қандай? Жігіттеріңізге жіберіп отырыңыздар”, – деп жазды блогер келіншек.

    Желі қолданушылары видеоның астына қоғамды шулатқан бойжеткен қыздың мәселесін жарыса жазып жатыр.

     

    “Өмірде ең жаман нәрсе – күйеуіңнің сыртыңнан істеген ит тірлігі. Сіздей қызды не үшін айырбастаған?” деген сұраққа блогер де үнсіз қалмады.

    “Соған шынымен сеніп тұрмын демеңіз енді. Ең болмаса сөзінің ұйқасын таппай қалдық қой”, – деп жауап берді Клара Иса.

    Еске салайық, «Қызыңды жеті жыл ойыншық етсе көрер едім» деп журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Жанқош Тұраровтың әйелін сынағанын жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →