Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті •

    Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды

    Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады. Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың шешімімен 12 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    «Мамандандырылған ауданаралық әскери соттың үкімімен М. Бектанов ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бабы бойынша  12 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады», — делінген сот хабарламасында.

    Сот аталған іс «аса құпия» істер қатарына жататындықтан өзге ақпараттың жарияланбайтынын мәлімдеді.

    Еске салсақ, экс-министрге қатысты тергеу ісі 2022 жылдың 19 ақпанында «Қызметтегі әрекетсіздік фактісі бойынша» басталған болатын. Бұған дейін Президент Бектановты өзіне көрсетілген сенімді ақтамай, қаңтар оқиғасы кезінде еш әрекет ете алмағанын сынаған болатын.

    Биылғы қаңтар айында Бас прокурор Берік Асылов Бектановтың сын сағатта әскери стратегиялық нысандарды қорғаусыз қалдырып, заңсыз бұйрықтар берді және қызметін асыра пайдаланды деп мәлімдеген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →