Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Дәрігер: ұзақ өмір сүру генетикаға да, күнделікті әдеттерге де байланысты • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджанов 9 жылға сотталды • Алматының бұрынғы урбанистика басшысына жаңа үкім шықты • Омбыда қазақстандық жүргізуші 27 млн теңгелік темекімен ұсталды • Бельгия королевасы Матильда Астанада қазақстандық зергердің гауһар сырғасын тақты • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Дәрігер: ұзақ өмір сүру генетикаға да, күнделікті әдеттерге де байланысты • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджанов 9 жылға сотталды • Алматының бұрынғы урбанистика басшысына жаңа үкім шықты • Омбыда қазақстандық жүргізуші 27 млн теңгелік темекімен ұсталды • Бельгия королевасы Матильда Астанада қазақстандық зергердің гауһар сырғасын тақты •

    Әнші Алтынбек Тәшімбетовті полиция ұстады

    Әнші Алтынбек Тәшімбетовті полиция ұстады

    Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына ұрып-соғу белгілері бар, ішкиіммен ғана жүрген ер адам жеткізілді. Ол қазақстандық шоу-бизнес өкілі Алтынбек Тәшімбетов екені белгілі болды. Бұл туралы Kozachkov offside Telegram-арнасы жазды.

    «Жедел жәрдеммен жеткізілген әнші қабылдау бөлмесінде жанжал шығарып, ресепшндегі әйнекті сындырған. Онымен қоймай, кезекші медбикені де балағаттаған. Шоу-бизнес өкілін шақыртуға келген полицейлер сабасына түсірген», – делінген ақпаратта.

    Полиция департаменті әнші Алтынбек Тәшімбетовтің әкімшілік құқық бұзушылық бойынша сот алдында жауап беретінін хабарлады.

    Фото: t.me/kozachkow

    Оның заңсыз әрекеттері екі бап бойынша рәсімделді. Қоғамдық орында мас күйінде пайда болуы (ӘҚБтК 440, ең жоғары жаза – 5 АЕК айыппұл) және медицина қызметкерлеріне құрметсіздік таныту (80-1-баптың 2-бөлігі).

    Екінші жағдай бойынша әртіс 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →