Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • «Әділет» партиясы Құрылтайдағы бос мандатқа Гүлнар Тойлыбаеваны ұсынды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар •

    Қазақ балуандары бірінші белдесуінде-ақ жеңіліп қалды

    Қазақ балуандары бірінші белдесуінде-ақ жеңіліп қалды

    Фото: olympic.kz

    Бүгін Париждегі Олимпиада ойындарында еркін күрес бәсекесі басталды. Боз кілемге шыққан қазақ балуандары бірінші белдесулерінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    86 килоға дейінгі салмақта бақ сынаған Азамат Дәулетбеков америкалық Аарон Брукспен белдесті. Тартысқа толы болған шайқаста қарсыласы 4:3 есебімен айласын асырып кетті.

    57 килоға дейінгі салмақта жарыс жолына шыққан Мейрамбек Қартбай қырғыз балуаны Бекзат Алмаз улууна жол берді. Қарсыласы 4:1 есебімен айқын жеңіске жетті.

    Қазақстандық балуандардың қарсыласы финалға шықса, онда жұбаныш белдесу арқылы қола жүлдеге таласуына мүмкіндік бар. Егер америкалық немесе қырғыз балуаны финалға шықпаса, отандастарымыз Олимпиаданы аяқтайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →