Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 17 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында орталық алаңды аттракциондар басып кетті: тұрғындар әкімдіктен бақылауды күшейтуді талап етті «Анамның немересі үйленді»: Әнші Мақпал Жүнісова келінді болды (ВИДЕО) Қостанай облысында әкесі мен қызы суға батып кетті Павлодар облысында әкімдік жетім қызды баспана кезегінен алып тастап, үйсіз қалдырмақ болған «Заң алдында бәрі тең»: мәдениет және ақпарат министрі БАҚ өкілдері мен блогерлерге үндеу жасады Қарқаралыдағы өрт: әкімдік пен төтеншеліктердің селқостығына тұрғындар наразы Атырау облысында орталық алаңды аттракциондар басып кетті: тұрғындар әкімдіктен бақылауды күшейтуді талап етті «Анамның немересі үйленді»: Әнші Мақпал Жүнісова келінді болды (ВИДЕО) Қостанай облысында әкесі мен қызы суға батып кетті Павлодар облысында әкімдік жетім қызды баспана кезегінен алып тастап, үйсіз қалдырмақ болған «Заң алдында бәрі тең»: мәдениет және ақпарат министрі БАҚ өкілдері мен блогерлерге үндеу жасады Қарқаралыдағы өрт: әкімдік пен төтеншеліктердің селқостығына тұрғындар наразы

    «Лайық емеспін»: Қыран Талапбек «Құрмет» орденіне қатысты пікір білдірді

    «Лайық емеспін»: Қыран Талапбек «Құрмет» орденіне қатысты пікір білдірді

    Танымал мобилограф Қыран Талапбек “Құрмет” орденімен марапатталуына қатысты ойын бөлісті.

    Айта кетейік, блогер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке мобилографы болатын.

    “Бірден айтамын, бұл орденге лайық емес екенімді мойындаймын. Бұл менің емес, өз еңбегімен адал жұмыс істеп, адал нанын тауып журген 30 мың жас мобилограф мамандардың ордені. Бұл менің емес, өз арманына ұмтылғысы келетін жастардың ордені. Құттықтап қолдаған әр жанға рахмет! «Лайық емес» деп наразы болғандарды да түсінемін. Артық алып бара жатқан ештеңеміз жоқ. Сондықтан «орден» өзінің орнын тапты. Мен үшін ең лайық кісі. Әкеме бердім», – деді Қыран Талапбек.

    Еске салайық, мобилограф Астанада өткен ШЫҰ саммитіне келген бірқатар ел басшыларын видеоға түсірді.

    Басқа президенттер мобилографтың бейнежазбасын қабылдамаса да, Моңғолия басшысы аталған коллаборацияны бірге жариялауға келісімін берген.

    «Түрік басшысы қабылдамай жатыр. Отбасымызбен күтіп отырмыз”, – деп жазған еді Қыран Талапбек.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →