Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті •

    1 наурызда ел бойынша дабыл қосылады

    2023 жылдың 1 наурызында сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін азаматтық құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарланған. Оған сәйкес, ел бойынша дабыл қосылмақ, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында.

    Ведомствоның хабарлауынша, төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету — тұрғындарды табиғи құбылыстардың түрлі факторы әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы.

    Осылайша, құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр сиреналар және сиреналық-сөйлеу құрылғылар (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосылып, сондай-ақ теледидар және радиоарналардың эфирінен, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпарат жарияланады.

    Сонымен бірге, ведомство өкілдері «Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы — бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды жарияламас бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы екенін мәлім етті.

    Демек, дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек және интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек, дейді ведомство өкілдері.

    Сонымен қатар, ТЖМ қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексерілетінін хабарлады.

    «Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған», — деп жазылған хабарламада.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →