Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды • Оралда ECOBATYS республикалық семинары өтті • Түркияда 2026 жылдан бастап 15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тыйым салынады • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді • Жігер Ауыпбаев пен әйелінің TikTok видеолары сынға ұшырады • Ұлттық музейде «Музей – білім беру кеңістігі» семинары өтті • Өскеменде түрме аумағына тыйым салынған зат лақтыруға әрекет жасалды • Оралда ECOBATYS республикалық семинары өтті •

    Шетел валютасына сұраныс азайды

    2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда айырбастау пункттерінде қазақстандықтар арасында танымал АҚШ доллары, еуро және Ресей рублінің таза сатылымы 2,4 трлн теңгені құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,4 пайызға аз, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Ranking.kz порталының мәліметінше, айырбастау пункттеріндегі шетел валютасын таза сатылымының 1,8 трлн теңгеден астамы АҚШ долларын құрады. Ал 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда сатылым көлемі 10,1 пайызға төмендеді. Одан кейін сатылым көлемі 7,4 пайызға, 301,9 млрд теңгеге дейін төмендеген еуро тұр. Ресей рублінің таза сатылымы бірден 2,7 есе, 281 млрд теңгеге дейін қысқарды.

    Өңірлер бойынша айырбастау пункттерінің АҚШ долларын таза сатылымының жартысынан астамы тек екі мегаполистің үлесіне тиесілі: Алматы мен Шымкент. Бұл ретте Алматыда таза сатылым көлемі бір жылда 35,5 пайызға өсіп, 712,1 млрд теңгені құраса, Шымкентте керісінше 2 есеге жуық азайып, 297,2 млрд теңге болды.

    Айырбастау пункттерінің АҚШ долларын таза сату көлемі Астана (103,5 млрд теңге), Атырау (102,2 млрд теңге) және Маңғыстау (101,9 млрд теңге) облыстарында да айтарлықтай жоғары.

    Айырбастау пункттерінде еуроның таза сатылымының жартысынан көбі үш мегаполистің үлесіне тиді: Алматы (96,7 млрд теңге), Астана (41,3 млрд теңге) және Шымкент (34,4 млрд теңге). 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында еуроға айтарлықтай сұраныс Батыс Қазақстан облысында байқалды. Оның сатылымы 27,3 млрд теңгеге жетті. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 3,3 есе көп.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →