Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды

    Төрт күнде көші-қон заңнамасын бұзған 689 адам жауапқа тартылды

    Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Олар – Қазақстанға көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары. Оларды полиция қызметкерлері «Мигрант» іс-шарасы кезінде анықталған.

    «4 күнде көші-қон заңнамасын бұзған 689 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 83 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 360 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 288 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды. ҚР-ға шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 40 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 464 шетелдік орналастырылды», – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

    Сонымен қатар баяндамашының айтуынша, көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 8 қылмыстық іс тіркелген. Сондай-ақ мемлекетаралық іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →