Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында жүкті әйел күйеуінің зорлығынан зардап шекті Леңгірде 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жықты Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Атырау облысында жүкті әйел күйеуінің зорлығынан зардап шекті Леңгірде 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жықты Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды

    G20 елдері Украинадағы соғысқа байланысты бір пайымға келе алмай тарқасты

    G20 елдерінің қаржы министрлері мен орталық банк басшылары Үндістанның Бангалор қаласында өткен кездесуде бір консенсусқа келе алмай тарқасты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі Еуроньюске сілтеме жасап.

    Оның себебі – Қытай мен Ресей кездесу қорытындысынан Украинадағы соғыс туралы сөзді алып тастауды талап еткен. G20-ға төрағалық еткен Үндістан кездесудің алдын ала қорытындысын жасап, тиісті мәлімдеменің мәтінін жариялаған еді. Бірлескен коммюникеде Үндістан «ұйымға мүше елдердің көбі Украинадағы соғысты айыптайды, бірақ жағдай мен санкцияларды әртүрлі бағалайды» деп жазған болатын.

    Кездесу қорытындысында Ресей мен Қытай елдерінің өкілдері құжаттың екі пунктімен келіспейтінін мәлімдеп, қарсылық танытқан.

    Осылайша, G20 ұйымының елдері кездесу қорытындысы бойынша биыл да ортақ мәлімдеме жасай алмай тарқасты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →