Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

    Түркиядағы үйінді астынан тағы бір қазақстандықтың денесі табылды

    10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмысы барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

    «Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсетті. Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді» деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі.

    Тасымалдау бойынша барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды.

    Сонымен қатар, Pegasus түрік авиакомпаниясы қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына 90 пайыздық жеңілдік беретін болды.

    Еске сала кетейік, бұған дейін СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Кахраманмарашта тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатқанын хабарлаған еді.

    «Ол осы жылдың 6 ақпанынан бері байланысқа шықпады, тұратын жері — Кахраманмараш қаласы. Әпкесі министрліктің «жедел желісіне» хабарласқаннан кейін оны іздеу жұмыстарын бастадық. Қазіргі уақытта Қазақстан Елшілігінің қызметкері осы қалаға барып, түрік құтқарушыларымен бірлесіп оны іздестіруде. Көршілердің айтуынша, үй қираған кезінде оның ішінде болған», — деді Айбек Смадияров.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →