Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды Сауд Арабиясындағы The Red Sea жобасы: регенеративті туризмнің жаңа дәуірі Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды Сауд Арабиясындағы The Red Sea жобасы: регенеративті туризмнің жаңа дәуірі

    Түркияда 155 сағат үйінді астынан аман шығарылды

    Газиантептегі Нурдағы ауданында жер сілкінісі болған соң 155 сағат өткеннен кейін 8 жасар бала үйінді астынан аман құтқарылды, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме беріп.

    8 жасар ұл тұрғын үй үйіндісі астынан шығарылған. Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды.

    Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияда жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокпен жалғасқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде де сезілді. Соның бірі – Сирия, ондағы құрбандар саны 3 574-ке жетті.

    Айта кетсек, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары да Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 19 адамның, оның ішінде бір баланың денесі үйінді астынан шығарылды.

    Соңғы мәлімет бойынша Түркияда зілзаладан көз жұмған саны 30 мыңға жуықтады.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →