Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Денсаулықты қорғау құқығы Конституцияда бекітілді. Бірақ бұл іс жүзінде әрбір қазақстандық үшін нені білдіреді? Елорда күні елде 448 сәби дүниеге келді Тұрсынбек келмеген: Мөлдір Мұқан үш баласына алғаш рет күйеусіз той жасады (ВИДЕО) Байдың балалары заңға бағынбайды: Алматыда түнгі заңсыз автожарысқа қатысқан 10 көлік айып тұрағына қойылды Трамптың өтініші және жанжалды матч: Бельгия АҚШ-ты жеңіп 1/4 финалға жолдама алды Криштиану Роналдудың көз жасы: Португалия әлем чемпионатынан шығып қалды Денсаулықты қорғау құқығы Конституцияда бекітілді. Бірақ бұл іс жүзінде әрбір қазақстандық үшін нені білдіреді? Елорда күні елде 448 сәби дүниеге келді Тұрсынбек келмеген: Мөлдір Мұқан үш баласына алғаш рет күйеусіз той жасады (ВИДЕО) Байдың балалары заңға бағынбайды: Алматыда түнгі заңсыз автожарысқа қатысқан 10 көлік айып тұрағына қойылды Трамптың өтініші және жанжалды матч: Бельгия АҚШ-ты жеңіп 1/4 финалға жолдама алды Криштиану Роналдудың көз жасы: Португалия әлем чемпионатынан шығып қалды

Түркияда қирандылар астынан тағы бір қазақстандық іздестірілуде

Кахраманмарашта із-түссіз жоғалған тағы бір отандасымыз іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақстанның тағы бір азаматы әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кетті деп есептелуде. Ол осы жылдың 6 ақпанынан бері байланысқа шықпады, тұратын жері — Кахраманмараш қаласы. Әпкесі министрліктің «жедел желісіне» хабарласқаннан кейін оны іздеу жұмыстарын бастадық. Қазіргі уақытта Қазақстан Елшілігінің қызметкері осы қалаға барып, түрік құтқарушыларымен бірлесіп оны іздестіруде. Көршілердің айтуынша, үй қираған кезінде оның ішінде болған», — деді Айбек Смадияров.
СІМ ресми өкілінің сөзінше, көптеген қазақстандық тұрғын үйлерінің бұзылуына байланысты құжаттарын жоғалқан. Консулдар оларға қажетті жол жүру құжаттарын сол жерде рәсімдеп берген.
«Кейінгі 4 күнде Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диярбакыр, Шанлыурфа, Адана, Конья және Элязыктан 124 Қазақстан азаматы шығарылды. Оның ішінде 58 Қазақстан азаматы Астанаға репатриациялық рейстермен жеткізілді. Сонымен қатар, Қазақстанның тағы бір азаматы хабар-ошарсыз кетті деп есептегенбіз. Біз оны Хатай провинциясынан таптық, ол екі күн бойы байланысқа шыға алмаған. Қазір аман-сау, қауіпсіз жерде. Тұратын үйі зардап шеккен жоқ», — деді ол.
Айта кетсек, бүгін таңға жақын Түркияда жоғалған қазақстандық Мирболат Құрмашевтің денесі табылды.
Оны құтқару үшін үйіндіні аршу жұмыстары кеше түс ауа басталған еді.
Сондай-ақ, кеше тағы бір отандасымыз – Әділ Қадірбековтің де жер сілкінісі кезінде үйінді астында қаза тапқаны хабарланған еді. Құтқарушылар отандасымыз Сабина Мамадиярованы ғана аман алып шықты.

 

Qazaq.today

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика