Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды • Павлодарда пойыз астында қалған 22 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды • Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды • Павлодарда пойыз астында қалған 22 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды • Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек •

    Ауыл халқының табысын арттыруға 1 трлн теңге бөлінбек

    Биыл ауыл халқының кірісін арттыру жобасына 52,4 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Мәжілістің таратылған 7-шақырылым депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
    «Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру арқылы ауыл халқының кірісін арттыру ілкі жобасын масштабтау жүргізіліп жатыр. Жоба сенімді агенттер арқылы 7 жылға дейінгі ең жоғары мерзіммен, 2,5 пайыздан аспайтын сыйақы мөлшерлемемен шағын несие беруді көздейді. Ауыл халқы кірісін арттыру жобасын масштабтауды жүзеге асыру үшін 2023 жылға 11 мың шағын несие беру жоспарымен 52,4 млрд теңге мөлшерінде қаражат қарастырылған», — деді Әлихан Смайылов жауабында.
    Оның атап өтуінше, аталған іс-шараға алдағы уақытта 1 трлн теңгеге дейін қаражат бөлу көзделіп отыр. Ол үшін жеке қосалқы шаруашылықтардың басым бөлігі кооператив кәсіпкерлігіне жұмылдырылады. Ауыл шаруашылығы техникаларын лизингпен алу үшін жеңілдікпен шарттар, шағын несиелер ұсынылады. Сонымен қатар олар ірі қалалардағы базарларда өнімдерін сатуға мүмкіндік алады.
    «Бұл ауыл шаруашылығында шамамен 350 мың сапалы жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі зәкірлік жобаларды жеңілдікпен қаржыландру тәжірибесін көбету жұмысы да жүргізіліп жатыр. Олар шаммен 291 жоба. Қаражатты құс еті, сүт өндірісіне қатысты инвестициялық жобаларды, сонымен қатар суару, көкөніс өсіру жне оларды сақтау үшін инфрақұрылым салу инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға бағыттау жоспарланып отыр. Аталған іс-шаралар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және жаңа жұмыс орындарын құру есебінен ауыл халқының кірісін арттыруға мүмкіндік берді», — деді Үкімет басшысы.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →