Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Марокко құрамасы Канаданы талқандап, ширек финалға шықты Бокс әлем чемпионы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілікті Еркебұлан Тоқтар бірінші раундта Артем Тарасовты нокаутқа жіберді Елена Рыбакина Уимблдон-2026-да үшінші айналымда жеңілді Күніне 30 минуттан артық отыру қатерлі ісік қаупін арттырады – зерттеу Миллиардтар қайда кетті: ҚазАвтоЖолдың «Жезқазған-Қызылорда» жолы сын көтермейді Марокко құрамасы Канаданы талқандап, ширек финалға шықты Бокс әлем чемпионы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілікті Еркебұлан Тоқтар бірінші раундта Артем Тарасовты нокаутқа жіберді Елена Рыбакина Уимблдон-2026-да үшінші айналымда жеңілді Күніне 30 минуттан артық отыру қатерлі ісік қаупін арттырады – зерттеу Миллиардтар қайда кетті: ҚазАвтоЖолдың «Жезқазған-Қызылорда» жолы сын көтермейді

Алматылық оқушылар халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды 

Алматының Алатау ауданына қарасты мектептің оқушылары халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. «Жеті Өнер» Халықаралық шығармашылық фестивалінің  «Шабыт қанатында» атты Республикалық конкурсына еліміздің әр облыс, ауданынан өнерпаз балалар бақ сынасты.  Өенр сайысында №205 жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушысы Ақнұр Ержанқызы бас жүлдені жеңіп алды. Ол 35 вокалист қатысқан байқауда үздік шықты. Өнерпаз  оқушының жетекшісі, музыка пәнінің мұғалімі Шұға Баймаханова.

Алтын жүлде алған талантты оқушы «Жеті Өнер Art Фестиваліне» жолдама алды. Талантымен таң қалдырған оқушы ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сыйлыққа ие болды.

Ал өскелең ұрпақты өнерге баулығаны үшін №205 ЖББМ директоры Даулетова Гүльнара Арыстанқызына «Үздік Көшбасшы Педагог» төсбелгісі мен Алғыс хат жолданды!

Дүбірлі доданың жоғары дәрежеде өтуіне айрықша үлес қосқаны үшін директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары – Жетенова Жанна Тлеубайқызы Алғыс хат және «Үздік Педагог» төсбелгімен марапатталды!

«Бұлақ көрсең көзін аш»,- деген ұстанымды алға қойып, талантты өнерпазымызға қолдау көрсетіп, ерен еңбегімен көзге түскен Баймахан Шұға Сапарбекқызы «Үздік Педагог» дипломы және «Үздік Көшбасшы Педагог» төсбелгісімен марапатталды!

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика