Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті

Түркиядағы жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 200-ден асты

Соңғы мәліметтер бойынша Түркияның оңтүстік-шығысындағы қатты жер сілкінісінен қаза тапқан адам саны 200-ден асты, деп хабарлайды Euronews-ке сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық порталы.

Сирияда кем дегенде 62 адам және Түркияда 76 адам көз жұмды. Құрбан болғандар саны әлі де өсуі мүмкін. Жараланғандар — Түркияда 440-тан астам, Сирияда 200-ден астам адамды құрайды. Еске сала кетейік, Сирия шекарасынан шамамен 90 шақырым қашықта болған жер сілкінісінің ошағы Түркияның Газиантеп қаласында тіркелді. 7,8 баллдық жердің дүмпуі тіпті Каирде де сезілген.

Губернатор Хулуси Сахиннің айтуынша, Түркияның Малатия провинциясында кем дегенде 130 ғимарат, оның ішінде тұрғын үйлер құлаған. Жер сілкінісі нәтижесінде Кахраманмараш қаласында газ құбыры жарылды.

Сирияның солтүстік-батысында Сирияның оппозициялық азаматтық қорғанысы көтерілісшілер басқаратын аймақтағы жағдайды «апатты» деп атады және ғимараттардың құлауынан адамдар қоқыс астында қалып, ауруханалар жаралыларға толы екенін айтты.

Сирияның Алеппо, Хама және Латакия қалаларында ғимараттар құлап, 200-ге жуық адам зардап шекті. Дамаск пен Бейрутта да дүмпу сезіліп, адамдар көшелерге қарай жүгірген.

Жергілікті биліктің айтуынша, бұл 1999 жылдан бергі ең ауыр жер сілкінісі, ол кезде 18 мыңға жуық адам қаза тапқан.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика