Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» тоғыз айда атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды • Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі • Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу – Қошанов • «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • «Қазақмыс» тоғыз айда атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды • Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі • Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу – Қошанов • «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? •

    Елордада жемқорлықпен ұсталған мұғалім мен полиция қызметкері сотталды

    Бұл туралы қаланың Алматы ауданының №2 аудандық соты мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

    «2023 жылғы 2 ақпанда Алматы ауданының №2 сотында полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы Н. мен колледж оқытушысы К.-ға қатысты айыптау үкімі жарияланды. 2020 жылдың ақпан айынан 2021 жылдың желтоқсан айына дейін Астана қаласында полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы Н. бірнеше рет алаяқтық жасады және өзінің қызметтік өкілеттігіне кіретін заңсыз әрекеттері  –  жеке куәліктерін ауыстыру кезінде азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін, тұрғын үй иесінің жазбаша келісімінсіз тұрғылықты жер бойынша тіркеуді ресімдегені үшін пара алған», — делінген сот хабарламадасында.

    Мұғалім өз кінәсін толық мойындаған, істеген ісіне өкінетінін жеткізген. Алайда көші-қон қызметінің қызметкері өзіне тағылған айыптың бәрін жоққа шығарды.

    Сондай-ақ, сот мұғалімнің бес жас баласы бар екенін, кінәсін мойындағанын, шын жүректен өкінгенін, сондай-ақ полиция қызметкерінің жүктілігін ескеріп, жазаны жеңілдеткені хабарланды.

    «Пара алуда және алаяқтықта Н.-ның кінәсі дәлелденуіне байланысты (366-баптың 3-бөлігі 4-тармағы, ҚК 190-бабы 3-бөлігі 2,4-тармағы) сот Н. — ға пара сомасының 60 еселенген мөлшерінде айыппұл тағайындады, бұл – 3,3 млн теңге. Н.»полиция капитаны» арнайы атағынан айырылды. К. пара бергені үшін кінәлі деп танылды (ҚК 367-бабы 3 — бөлігі 3-тармағы) және  50 еселенген пара сомасының үштен екісі мөлшерінде айыппұл салуға үкім шығарылды, бұл 500 мың теңгені құрайды», — деп атап өтті сот.

    Екі әйел де өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →