Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады •

    Қажылыққа апарамын деп елді алдаған кәсіпкер ұсталды

    Умраға апарамын деп 50-ден астам адамды алдады деген күдікпен «Кәусар тревел» компаниясының басшысы ұсталды, — деп хабарлайды Qazaq.today  «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

    Медет Мұратбайұлы кіші қажылықты өтеуге ниет еткеннің әрқайсынан кемі 1 мың доллардан алған.

    Полицейлер «Кәусар тревелдің» басшысына іздеу салып, Медет Мұратбайұлы Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды.

    «Мекке мен Мәдина қалаларына жолдама алып, 50-ге жуық адамды алдаған туристік агенттіктің басшысы ұсталды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 190-бабымен қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды», — дейді Шымкенттің Еңбекші ауданы полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Ерлан Ирбаев.

    Қаңтарда қажылыққа кетуге тиіс азаматтар сол күйі Мекке мен Мәдинаға бара алмаған. Ал Алматыдан жолға шыққан 57 адамды турфирма Мәдинадағы жатақханаға тастап кеткен. Сондықтан қазақстандықтар өзге елде жатын орын мен тамаққа қосымша қаржы шығындап, қайтуға билетті де өз ақшасына сатып алған. Қазір «Кәусар тревелден» жолдама алғандар жаппай полицияға арыз жазып жатыр.

     

    Qazaq.today

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →