Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • ҰҚК академиясы алғашқы түлектерін шығарды, қабылдау 5000-нан асты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады • Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • ҰҚК академиясы алғашқы түлектерін шығарды, қабылдау 5000-нан асты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады • Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті •

    Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 203 жұмысшы мерт болған

    2022 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1465 жұмыскер зардап шегіп, 203-і қаза тапқан, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті мәлімдеген. 

    «Былтыр өндірістік жарақаттану коэффициенті (1000 жұмыскерге шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілігі) 0,22-ні құрады. Республиканың өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталуда. Мәселен, Қарағанды облысында – 180, ШҚО-да – 169, Қостанай облысында – 142, Павлодар облысында – 112, Ақтөбе облысында – 103, Алматы қаласында 114 адам зардап шекті», — делінген комитет хабарламасында.

    Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 16,2 % және құрылыс саласында – 15 %.

    Ведомство дерегінше, жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері: жәбірленушінің өрескел абайсыздығы (33,9%); өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (29%); жол қозғалысы ережелерін бұзу (9,4%); қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін бұзу.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →