Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ҰҚК академиясы алғашқы түлектерін шығарды, қабылдау 5000-нан асты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады • Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті • Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды • ҰҚК академиясы алғашқы түлектерін шығарды, қабылдау 5000-нан асты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады • Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті • Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды •

    Иранда зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

    ҚР Сыртқы істер министрлігіне Ирандағы жер сілкінісі мен жарылыс кезінде зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түспеген, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

    Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

    «Иран билігінің мәліметінше, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Елшілікке мұндай ақпарат түскен жоқ»,  – деді ҚР СІМ ресми өкілі.

    Еске салайық, 28 қаңтарда Иранның солтүстік-батысында магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісі болып, 2 адам қаза тапты, тағы 664 адам жарақат алды.

    Сондай-ақ, кеше Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясындағы Шахид-Салими қаласында қозғалтқыш майларын шығаратын ірі зауыт өртенді. Ұшқышсыз ұшатын аппараттар орталық провинциядағы Исфахан қаласында әскери қойма мен оқ-дәрі өндіретін орталыққа шабуылдады.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →