Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады

    9 қыз жұмыс істеген: Семейде жеңгетайлықпен айналысқан әже жазаға тартылды

    9 қыз жұмыс істеген: Семейде жеңгетайлықпен айналысқан әже жазаға тартылды

    Фото: Pixabay

    Семейде алты жыл жеңгетайлықпен айналысқан зейнеткер әже жазаға тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    62 жастағы семейлік әже қаладағы сауналардың бірінде притон ұйымдастырған. Әрбір тапсырыстан ол орта есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алған.

    “Көп ұзамай ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында притонды әшкереледі. Тінту кезінде тәртіп сақшылары қолма-қол ақша мен басқа да заттай айғақтарды тәркіледі. Жеңгетай мен қызмет көрсетуші 9 қыз полиция бөліміне жеткізілді. Ресми мәлімет бойынша, қыздардың үшеуі – Қазақстан азаматы, алтауы – Өзбекстан азаматы. Барлығы есепке алынды”, – деп мәлімдеді Абай облыстық полиция департаменті.

    Әжеге қылмыстық кодекстің 309-бабының 1-бөлігі «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру немесе ұстау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Артынша зейнеткер 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Қазір ол Абай ауданы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация есебінде тұр.

    Егер ереже бұзса, оның жазасы бас бостандығынан айырылу деп ауысуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →