Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    6 облыста ашылған жолдардың тізімі жарияланды

    Бүгін 6 өңірде автожолдардың 16 бөлігі ашылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

    Ұлытау облысында:

    • «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Жезді ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы;

    Қарағанды облысында:

    • «Қызылорда-Павлодар» тасжолының Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралығы;
    • «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолының Қарағандыдан Ботақара кентіне дейінгі аралығы;
    • «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» тасжолының Павлодар облысының шекарасынан Ботақара кентіне дейінгі аралығы;
    • «Бастау-Ақтау-Теміртау» тасжолының Бастау ауылынан Теміртау қаласына дейін.

    Павлодар облысында:

    • «Қызылорда-Павлодар» тасжолының Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы;
    • «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» тасжолының Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін;
    • «Омбы-Майқапшағай» тасжолының Кенжекөл ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығы.

    Қостанай облысында:

    • «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Ұлытау облысының шекарасынан Арқалыққа дейінгі аралығы ашық;

    Абай облысы:

    • «Омбы-Майқапшағай» тасжолының Павлодар облысының шекарасынан Семейге дейінгі аралығы;
    • «Өскемен-Семей» тасжолының Герасимовка (ШҚО) ауылынан Семей қаласына дейін (Абай облысы)

    Ақмола облысында:

    • «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Қостанай облысының шекарасынан Державинскке дейін;
    • «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Державинсктен Сурган ауылына дейін;
    • «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» тасжолының Қостанай облысы шекарасынан Сурган ауылына дейін;
    • «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жақсы ауылынан Атбасарға дейін;
    • «Жақсы-Есіл-Бузулук» тасжолының Жақсы ауылынан Бузулук ауылына дейінгі аралық.

    Айта кетейік, бұған дейін 9 облыста жолдар жабылғаны хабарланған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →