Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
ЖОО грантына өтініш қабылдау 13 шілдеде басталады: eGov арқылы онлайн тапсыру Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласында жол апатынан қаза тапты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады 100 млн теңге пара алды деген күдік: ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады ЖОО грантына өтініш қабылдау 13 шілдеде басталады: eGov арқылы онлайн тапсыру Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласында жол апатынан қаза тапты Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапаровты қабылдап, сала қорытындысын тыңдады Жол емес, батпақ: Арқалық әкімдігі Ашутасты халқын қашанға дейін елеусіз қалдырмақ? Елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады 100 млн теңге пара алды деген күдік: ҰҚК Атырау әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді растады

«Екібастұзда зейнеткер үсіп өлді»: Полиция оқиғаға пікір білдірді

Екібастұзда қарт адам өз пәтерінде көз жұмды. Желіде оның үсіп өлгені туралы қауесет тарады. Бірақ полиция бұл қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Аталған оқиға туралы ақпарат WhatsApp желісі арқылы тарады. Қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған сайттың хабарлауынша, шынымен де үйлердің бірінде зейнеткер көз жұмған, бірақ өлім суықтан болмаған.

Полиция мәліметінше, ер адам қан қысымының жоғарылығынан зардап шеккен. Жедел жәрдем стансасы сағат 17:32-де Екібастұз қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адамның есінен танып қалғаны туралы хабарлаған.

 

Медициналық қызметкерлер үйге 8 минутта жетті. Оқиға орнында дәрігерлер 70 жастағы ер адамның қайтыс болғанын анықтады. Ешқандай үсік шалу белгілері жоқ, – деп қосты стансаның баспасөз қызметі.

 

Басылым хабарлауынша, сағат 17:50-де полиция қызметкерлері шақырылған. Тәртіп сақшылары ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін нақтылады. Сондай-ақ қайтыс болған кезде ер адамның қасында әйелі болған. Полиция өкілдері тұрғындарды тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика