Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды

    Елдегі ең жас сайлаушы дауыс берді

    Елдегі ең жас сайулаушы өз таңдауын жасады. Диана Сүйдутова алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Диана Сәрсенбайқызының осыдан екі күн бұрын ғана 18 жасқа толған. Сондықтан да ол аудандағы ғана емес, елдегі ең жас сайлаушы болып тіркелді, деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі.

    «Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз елімнің болашағы үшін дауыс беруге келдім. Мұның өзі ел үшін маңызды іске қосқан үлес деп білемін. Өзімді жауапты тұлға ретінде сезіндім. Таңдауым болашақ тағдырыма тікелей әсер етеді. Ол барлығымызға байланысты», — деді студент.

    Ол еліміздің маңызды саяси науқанына жауапкершілікпен қарайтыны жайында пікірін білдірді.

    Бүгін ол алғаш рет сайлау бюллетенін алып қана қоймай, естелік сыйлыққа ие болды. Диана сайлауға отбасымен келген. Талдықорғанда жоғары білім алып жатқан Диана – үйінің тұңғышы. Анасы Гүлназ Шакенованың 14 баласы бар.

    «Сайлауға балаларыммен барып, белсенді қатыстық. Елін сүйген азаматтардың барлығы дауыс береді деп есептеймін», — деді көпбалалы ана.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →