Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда ер адам интим қызмет көрсететін бойжеткеннен шабуыл көрдім деп шағымданды • 200-ден астам қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты • Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы • Қазақ ұлттық спорт университетінің негізін қалаушы оқу орнын мемлекетке сыйлауға шешім қабылдады • Дариға Бадықова Олжас Абайдың үйлену ұсынысын қалай жасағанын айтты • Бельгия королевасы Астанада қазақ зергерінің гауһар сырғасын тақты • Алматыда ер адам интим қызмет көрсететін бойжеткеннен шабуыл көрдім деп шағымданды • 200-ден астам қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты • Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы • Қазақ ұлттық спорт университетінің негізін қалаушы оқу орнын мемлекетке сыйлауға шешім қабылдады • Дариға Бадықова Олжас Абайдың үйлену ұсынысын қалай жасағанын айтты • Бельгия королевасы Астанада қазақ зергерінің гауһар сырғасын тақты •

    Дауыс беруге келген алматылықтарға сыйлық таратылып жатыр

    Алматының әр ауданында кезектен тыс президент сайлауына ерте келген азаматтарға сыйлықтар берілді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Мәселен, Түрксіб ауданындағы №454 сайлау учаскесінде бірінші дауыс берушіге сыйлық ретінде Абай кітабы, қаламсап, асық және кәдесыйлардан тұратын жиынтық ұсынылды.

    Ал Әуезов ауданындағы № 171 және № 172 сайлау учаскелерінде жүкті әйелдерге жаялықтар жиынтығы, шоколад қорабы және жаңа туған нәрестеге арналған альбом сыйлық ретінде берілді.

    Сондай-ақ, сайлауға алғаш рет келгендерге Алматы қаласының Медеу ауданында да «Қазақстан» шоколад плиткалары таратылды. Айта кетейік, бұл аудандағы № 401 сайлау учаскесінде 88 жастағы әже, № 375 және № 377 сайлау учаскесінде 82 және 83 жастағы аталар келіп дауыс берді.

    Бүгін Қазақстанда президент сайлауы өтіп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →