Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында бір тәулікте 600 гектарға жуық аумақты өрт шарпыды Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді «Ата-аналар академиясы»: 12 500 адам оқытумен қамтылды Рамазан Амантай сынға жауап беріп, еңбегімен бағалауды сұрады ҚР ОСК төрағасы ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен қорытынды кездесу өткізді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Кітап оқитын ұлт» қоры меморандумға қол қойды Қостанай облысында бір тәулікте 600 гектарға жуық аумақты өрт шарпыды Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қатысты пікір білдірді «Ата-аналар академиясы»: 12 500 адам оқытумен қамтылды Рамазан Амантай сынға жауап беріп, еңбегімен бағалауды сұрады ҚР ОСК төрағасы ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен қорытынды кездесу өткізді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Кітап оқитын ұлт» қоры меморандумға қол қойды

    ҰҚК сайлау күні тәртіпсіздік ұйымдастырдуы жоспарлаған қылмыстық топты ұстады (видео)

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның көмегімен осы жылдың 20 қарашасында жаппай тәртіпсіздіктерді жоспарлап, ұйымдастырмақшы болған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 2-бөлігі және 272-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленді.

    «Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне қару мен тұтандырғыш қоспаларды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалғандары құжатталған», — деп хабарлады ҰКҚ баспасөз қызметі.

    Топтың әрбір мүшесінің рөлі нақты бөлінген, қылмыстық жоспарлар жасырын шараларын сақтай отырып, тұрақты кездесулер барысында талқыланды.

    Топ мүшелері «бөтелке лақтырғыш» деп аталатын жабдықтар жасап, олардың көмегімен «Молотов коктейльдерін» лақтыра отырып құқық қорғау органдары қызметкерлерін физикалық жоюды жоспарлаған.

    Жасырын орындар ұйымдастырып, оған қылмыс жасауға арналған құралдар – Калашников автоматы, ойық ұңғылы «Меркель» мылтығы, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтық, оқ-дәрілер, «Молотов коктейльдеріне» арналған сұйықтығы бар бөтелкелер, «бөтелке лақтырғыштар», бензин құйылған канистралар, рациялар сақтаған.

    Күдіктілер ҚР ҚПҚ 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы ҚПҚ 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →