Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады «Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Сырдария өзеніне суға кеткен екінші азаматтың денесі шығарылды Атырауда 20 адам эвакуацияланды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Жаппай жарық сөнді: Бектенов Энергетика министрінен түсініктеме сұрады «Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды Сегіз облыс бір мезетте жарықсыз қалды: Қазақстанның электр жүйесі неге сыр берді? Сырдария өзеніне суға кеткен екінші азаматтың денесі шығарылды Атырауда 20 адам эвакуацияланды

    «Екіжүзділік пен озбырлық деп санаймын»: Тоқаев қаңтар оқиғасын қайталағысы келетіндер жайлы айтты

    Қаңтар оқиғасы кезінде жағдай тұрақталғанда көшеге шыққандар халықтың жағдайын ойлаған кейіп танытып, екіжүзділік көрсетті. Бұл туралы бүгін Алматы жұртшылығымен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. 

    «Мен бұны екіжүзділік пен озбырлық деп санаймын. Өкінішке қарай, олар қазір де осы қауіпті ойынды жалғастыруға тырысып жатыр. Олар үшін бұл жай ғана ойын, оларды әлеуметтік желідегі түкке тұрғысыз танымалдылық пен құпия демеушілердің көңілін аударуға деген ниет қана мазалайды. Бұдан қарапайым азаматтар мен мемлекеттің мүддесі зардап шегеді», — дейді Тоқаев.

    Президент сайлау алдында мұндай әңгіме айтуға болмайды десе де өзі үшін шындық маңызды екенін алға тартып отыр.

    «Сайлаудың алдында мұндай әңгіме айтуға болмайтынын жақсы түсінемін. Бірақ шындықты айтқаным дұрыс деп шештім. Халқымыз қашанда ақ пен қараны ажырата білген. Сондықтан, мұндай адамдардың Қазақстанда ешқандай саяси болашағы жоқ және болмайды дегенге кәміл сенемін. Алайда, олар еліміздегі жағдайды тұрақсыздандыруға тырысқан әртүрлі деструктивті күштердің қолындағы көсеу болып кете алады», — дейді ол.

    Тоқаев жауапты бүкіл қоғамдық-саяси күштердің арасындағы конструктивті диалогтың арқасында бұған жол бермеу керек деп атап өтті.

    «Мен қоғамның мықты әрі дамыған ел құруға деген стратегиялық мақсатымыздың орындалатынына үмітпен қарайтынын көріп отырмын. Ең маңыздысы осы. Біз қауіп-қатерлерді жеңіп, алға қойған міндеттерге қол жеткіземіз дегенге сенемін», — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →