Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды •

    Қазақстанда нан бағасы 20%-ға қымбаттады

     

    Елімізде нан бағасы тағы қымбаттады. Биыл Қазақстанда 342,4 мың тонна нан өндірілді. Нан бағасының өсімі 19,4%-ды құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy-на сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі. EnergyProm компаниясының зерттеуінше, нан өндірісінің төрттен біріне жуық бөлігі – 81,7 мың тоннасы Түркістан облысына тиесілі болған. Одан кейін Алматы қаласы (36,6 мың тонна) және Ақтөбе облысы (33,8 мың тонна) тұр.

    Ең төменгі көрсеткіш Ұлытау мен Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкентте тіркелді.

    Жалпы, елімізде бір жылда нан өндірісінің көлемі 3 пайызға төмендеген.

    «Нан бағасы бір жылда 19,4 пайызға өсті. Қара бидай нанының бағасы 24,7%-ға, жоғарғы сортты ұннан жасалған бидай наны 28,2%-ға, бірінші сортты ұннан жасалған бидай нанының бағасы 14,4%-ға, кесілген нанның бағасы 28,1%-ға өсті», — дейді сарапшылар.

    Нан бағасы әсіресе Ұлытау облысында бірден 48,3%-ға өскен. Одан кейін Ақмола облысында 27,6% және Алматыда 25,8%-ға көтерілген. Өнім бағасы Солтүстік Қазақстанда ең аз – 2,6%-ға ғана қымбаттаған.

    Жоғары сортты ұннан жасалған бидай нанының келісі қазақстандықтар 341 теңгеге, бірінші сортты ұннан жасалған нан келісін 195 теңгеден сатып алған.

    «Осы жылдың екінші тоқсанында бір адам орта есеппен, бірінші сортты бидай ұнынан жасалған 7,5 келі, қара бидай мен қара бидай ұнынан жасалған 646 грамм нан тұтынған», — дейді зерттеушілер

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →