Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Иранның Иорданиядағы базаға шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Иранның Иорданиядағы базаға шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты

    «31 адам жараланды». Қырғыз-тәжік шекарасында атыс күшейіп, тұрғындарды эвакуациялау басталды

    Қанша адамның қаза тапқаны туралы ақпарат айтылған жоқ

    Қырғыз-тәжік шекарасында қақтығыс күшейіп, шекара маңындағы халық қашып жатыр. Жергілікті тұрғындардың арасында 31 адам жарақат алған. Qazaq.today aқпараттық агенттігі ұрыс аймағында жүрген қырғызстандықтармен тілдесіп, мән-жайды анықтауға тырысты.

    Ресми мәлімет бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының бүкіл периметрі бойынша ауыр шайқастар жүріп жатыр. Тәжікстан тарапы брондалған ауыр машиналарды, зымыран тасығыштарды (MLRS) және авиацияны пайдалануға көшкен. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, шекарадағы шайқас таңнен бері тоқтамаған.

    «Жерден және әуеден жасалған барлық шабуылға Қырғызстан тарапынан тойтарыс берілді. Қырғызстан аумағындағы елдімекендерді басып алу мүмкін емес», — делінген хабарламада.

    Оқиға орнында Министрлер Кабинетінің орынбасары – Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы генерал-лейтенант К. Ташиев барды. Ол бұған дейін де қақтығыс аймағында болып, атыстарды тоқтату және жағдайды тұрақтандыру бойынша екіжақты келісссөздер жүргізген. Алайда қарулы қақтығыс бүгін таңертең қайта басталды. Шошынған халық Баткен облысының орталығына қарай қашып жатыр. Тіптен, көліктің көптігінен қара жолға сыймай, кептеліс басталған.

    «Бейресми мәлімет бойынша Қырғызстан жағынан 31 адам  жарақат алған. Араларында әскерилер де бар. Қанша адамның қаза тапқаны туралы ақпарат айтылмай жатыр. Қақтығыс Тәжікстанмен шекаралас аймақта бұрын да болған. Бірақ дәл осындай ауыр шайқас, соғысқа жеткізбей реттелетін. Осы жолы Тәжікстанның арнайы дайындалғаны байқалады, өйктені ауыр соғыс техникалары арқылы атқылап жатыр. Бұл – арнайы дайындықтың белгісі.

    Қырғызстан былтыр болған осындай қақтығыстан соң Тәжікстанмен шекараны түгелдей  жауып тастаған еді. Өйткені, бұл аймақ есірткі  бизнесінің трафигіне айналған. Тәжікстаннан осы таулы аймақ арқылы Қазақстан, Өзбекстан және Ресейге есірткі тасымалданады.  Енді шекара жабылған соң екі ел тасымал жолын бөлісе алмай жатыр. Айналма жолдар арқылы Орта Азияға есірткі таситын. Былтырғы қақтығыстан соң шекара толықтай жабылған. Эвакуация басталып, халық Баткен облысының орталығына қашып жатыр. Дәл қазір Бішкектегі «Ақ үйдің» алдында адамдар жиналып жатыр. Митинг басталды», — деді қырғызстандық блогер Ұлан Нұрмамбетов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →