Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды •

    Ішкі істер министрлігіне қарасты кәсіпорын басшысы пара алып жатқан кезде ұсталды

    Ішкі істер министрлігіне қарасты кәсіпорын басшысы парамен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ «Еңбек-Қызылжар» РМК филиалында жемқорлықтың жолын кесті.

    Биыл 23 тамызда мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша сотталғандар үшін азық-түлікті қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін осы мекеменің басшысы жеке кәсіпкерден пара алған кезде ұсталды.

    Күдікті Петропавл қаласының УҰИ-на қамалды.

    Кінәнің толық танылуын және сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүргізу туралы келіп түскен өтінішхатты ескере отырып, тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

    Басшының кінәсін сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →