Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды •

    Қаңтар оқиғасына қатысқандар қоғамдық-саяси жағдай шиеленіскенін көздеді – ІІМ

    Қаңтар оқиғасы кезінде 71 ғимарат пен 700 автокөлік бүлінген.

    Ішкі істер министрлігі Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаевтың сөзінше, қаңтар оқиғасына қатысқандардың басты мақсаты – саяси жағдайды тұрақсыздандыру болған, деп хабарлайды qazaq.today сайты Azattyq Ruhy тілшісіне сілтеме жасап.

    «Қайғылы оқиға кезінде көп азамат зардап шекті. Олардың бірқатары жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен арандатушылардың ықпалына еріп, қылмыс жасауға барғаны да белгілі. Соның салдаына, мемлекеттік органдардың 71 ғимараты, 700-ден астам автокөлік жойылып зақымдалған. Оның ішінде жедел жәрдем, полиция және өртке қарсы қызметтердің көліктері де бар», — деді ол ОКҚ өткен брифинг кезінде.

    Қожаевтың сөзіне сенсек, трагедияны ұйымдастырғандар елде дәл осындай жағдай орнайтынын алдын ала болжап, біоіп отырған. Және Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды бұзуды көздеген.

    «Ең өкініштісі, бейбіт халық пен күш құрылымдарының қызметкерлері қаза тапты. Террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушыларға осы фактор айып ретінде тағылуы тиіс деп ойлаймыз. Себебі олар дәл осындай зардаптың болуын алдын-ала болжап білген. Сондай-ақ елдегі қалыпты қоғамдық-саяси жағдайдың шиеленісіп, тұрақсыздануын қалаған», — дейді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →