Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    Мұхтар Әблязов Франциядан экстрадициялануы мүмкін — БАҚ

    Франциядағы босқындар ісі бойынша сот Мұхтар Әблязовтың ісін қарауға дайындалып жатыр. Бұл туралы EU Reporter басылымы жазды, — деп хабарлайды qazaq.today сайты Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

    «Қашқын миллиардер Мұхтар Әблязов жақын арада Францияда саяси босқын ретінде қалуға рұқсат беретінін немесе алаяқтық жасады деген айыппен экстрадицияланатынын біледі. Ұзаққа созылған Әблязов ісі Франциядағы босқындар ісі жөніндегі ұлттық сотқа (CNDA) жетті, ол жақын арада босқын-олигарх мәртебесі туралы шешім қабылдауы тиіс», — деп жазды Брюссельдегі ақпарат агенттігі.

    Сондай-ақ, басылым француз Paris Match журналының тергеуіне сілтеме жасап, «Әблязовке баспана беру туралы шешім Францияның саяси орталарында алаңдаушылық туғызады, өйткені елдің Қазақстанмен маңызды қорғаныс және уран келісімшарттары бар» делінген.

    Еске салайық, Қазақстанда Әблязов БТА банктен 7 миллиард долларға жуық ақша жымқырғаны үшін сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылған, ал 2018 жылы банкир Ержан Тәтішевке қастандық жасауды ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →