Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қанат Құлмағамбетов Исраил Сүлейменовпен жекпе-жек өткізеді • Мәдина Сәдуақасова түнгі Шымкенттегі жаңа образын көрсетті • Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің қиындықтарын еске алды • СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ: ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАТТЫҒУЛАР, ЖАҢА НЫСАНДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІСТЕР • Нұрлыбек Нәлібаев туризм мен спортты дамыту жөніндегі кеңес өткізді • Ақтөбеде балалар балабақшаға жету үшін лай кешіп жүр: әкімдік жолды қашан жөндейді? • Қанат Құлмағамбетов Исраил Сүлейменовпен жекпе-жек өткізеді • Мәдина Сәдуақасова түнгі Шымкенттегі жаңа образын көрсетті • Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің қиындықтарын еске алды • СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ: ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАТТЫҒУЛАР, ЖАҢА НЫСАНДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІСТЕР • Нұрлыбек Нәлібаев туризм мен спортты дамыту жөніндегі кеңес өткізді • Ақтөбеде балалар балабақшаға жету үшін лай кешіп жүр: әкімдік жолды қашан жөндейді? •

    Кремль Путиннің денсаулығына қатысты сұраққа жауап берді

    Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің денсаулығына қатысты ақпараттарға пікір білдірді, — деп хабарлайды qazaq.today сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

    «Оның денсаулығы жақсы. Америкалық және ұлыбританиялық, сондай-ақ украиналық ақпарат «сарапшылары» соңғы айларда президенттің денсаулығы туралы түрлі «өсек-аяң» таратып жатқанын білесіздер. Бұл «өсек-аяңнан» басқа ештеңе емес. Біз бұл туралы айтып жүрміз», — деді Песков.

    Бұл ретте АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының басшысы Уильям Бернс Ресей басшысының денсаулық жағдайын «сап-сау» деп бағалады.

    «Президент Путиннің денсаулығына қатысты көптеген қауесет бар. Бірақ біздің білуімізше, ол сап-сау. Бұл барлау қызметінің бейресми бағалауы», — деп келтіреді агенттік Бернстің Аспен форумында сөйлеген сөзін.

    19 шілдеде Владимир Путин жұмыс сапарымен Иран астанасы Тегеранға барды. Батыс ақпарат құралдары Ресей президенті журналистердің сұрағына жауап беру кезінде жиі жөтелгеніне назар аударған.

    Кейінірек Владимир Путин Тегерандағы аптап пен желдеткішке шағымданған. Президенттің баспасөз хатшысы да Иранға сапары кезінде желдеткіш астында дауысы қарлығып қалғанын айтты.

    «Желдеткішке келетін болсақ, иә, шынымен ыстық, көшеде 40 градус, желдеткіш астында салқын, менің де дауысым қарлығып, менде де солай болды. Делегациядағы басқаларды білмеймін, бірақ мұндай болады, бұл ештеңе емес, бәрі жақсы», — деді Дмитрий Песков.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →