Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды •

    Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

    ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұловті қамауға алу мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылғаны белгілі болды. Дәулет Ерғожиндікі 13 тамызға дейін ұзартылды, — деп хабарлайды qazaq.today сайты Orda.kz тілшісіне сілтеме жасап.

     

    Осылайша, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы 6 айдан бері қамауда отыр. Соңғы рет оның қамауға алу мерзімі 6 маусымда ұзартылған.

    ҰҚК тергеу-жедел тобы Кәрім Мәсімовке, Әнуар Садықұловқа, Дәулет Ерғожинге және басқа да тұлғаларға қатысты мынадай баптар бойынша қылмыстық істерді тергеп жатқанын айтты.

    1. ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі – Мемлекетке опасыздық жасау – қарулы қақтығыс кезінде жау жағына өту, тыңшылық.
    2. ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабының 3-бөлігі – Билікті басып алуға немесе ұстап қалуға үгіт-насихат немесе жария түрде шақыру.
    3. ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы – Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе мүлікті заңдастыру.
    4. ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы – Ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану.
    5. ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі – Аса ірі мөлшерде пара алу.

    Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы күрес жөніндегі комиссия бір күн бұрын Қазақстанға заңсыз шығарылған қаражаттың қайтарылуының жай-жапсарымен бөлісті. Кәрім Мәсімовтің пара ретінде алып, шетел асырған 3 млн доллары Қазақстанға қайтарылды.

    Ал 14 шілдеде Ресейге қашпақ болған кезде оның немере інісі, Павлодар облыстық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов те ұсталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →