Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Алматыда дипломын жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды Денсаулық сақтау министрлігі ыстық өткізіп алудың алдын алуды ескертеді Павлодарда алаяқтар зейнеткерлерді банкте торт жаруға мәжбүрледі Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті, бірақ нақты өсім нөлге тең Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті

    «15 шілде – Демократия және ұлттық бірлік күні»: Алматыда Түркия консулы қазақ журналистерімен кездесті

    Бүгін 13 шілде күні Еуразия институтында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Әли Рыза Акынжы қазақ журналистерімен кездесті, деп хабарлайды Qazaq.Today агенттігі.

    Түркия Республикасында 2016 жылдың 15 шілдесіне қараған түнде болған төңкеріс әрекетіне қарсы бостандық пен демократия үшін күресті еске алу күніне орай өткен шарада бас консул елдегі қазіргі жағдайды баяндап, журналистер сұрағына жауап берді.

    Бас консулы Әли Рыза Акынжы Фето лаңкестік ұйымының әрекеттері туралы баяндап, Қазақстанның 2016 жылы Түркия еліне көрсеткен қолдауы жайлы айырықша тоқталды.

    «Төңкерістен кейін Қазақстанның тұңғыш президенты Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға іссапармен барып бізге зор қолдау жасады» деді Бас консул.

    Айта кетейік, 15 шілде оқиғасында 251 адам қайтыс болып, 2700-ден аса адам түрлі жарақат алған.

    Қазақстандағы Қасіретті қаңтар оқиғасын тілге тиек еткен Әли Рыза Акынжы мырза:»Біз қазақ халқына, еліне барынша тілеулес болып, көмек жасауға тырыстық» деді.

    Лаңкестікпен күрестің қиындығы жайлы айтқан дипломат оның діни, әлеуметтік, экономикалық астарына үңілу керек деді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →