Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Иранның Иорданиядағы базаға шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты «Бір жастан асқанда бала қылып берді»: Асанәлі Әшімовтің асырап алған қызы күтпеген мәлімдеме жасады Сақтандырусыз қалған қала: Алматы жер сілкінісіне қаржылай дайын ба? Оқыс оқиға: Алматы облысында тауға шыққан қыз құздан құлап кетті Алакөлде гидроциклдер соқтығысып, бір адам көз жұмды Футбол теннис есебімен: Англия тарихында тұңғыш рет ӘЧ қоласын иеленді Иранның Иорданиядағы базаға шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапты

    Қазақстан «Жібек жолы» жүк кемесін жалдаған Ресей компаниясымен келісімді үзуі мүмкін

    Қазақстан «Жібек жолы» жүк кемесін жалға алған Ресей компаниясымен келісімшартты үзуі мүмкін. Бұл жөнінде 5 шілдеде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді деп хабарлайды Atameken Business.

    – Егер Қазақстанда және халықаралық құқықта бекітілген нормаға сай келмейтін әрекетпен шұғылданса, онда келісімшарт бұзылып жүк кемесі қайтарылады, – дейді Өскенбаев.

    Таяуда Украина астығын ұрлап алып шыққан Ресей кемесі Түркияда ұсталған. Кеменің аты – «Жібек жолы».

    1 шілдеде қазақстандық «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы (оған еншілес KTZ Express компаниясына «Жібек жолы» кемесі тиесілі) жеті тоннаға дейін жүк таси алатын кеме былтыр Ресейдің «Грин-Лайн» компаниясына бербоут-чартер келісімі бойынша берілгенін және эстониялық Mangelbert OU компаниясымен жасалған келісім бойынша астық тасығанынмәлімдеген.

    Украина бас прокуратурасы «Жібек жолы» жүк кемесінің «Украина астығын заңсыз экспорттауға қатысы бар» деп хабарлаған.

    30 маусымда Ресей басып алған Бердянск портынан астық артқан алғаш кеме шыққан. Ресей тағайындаған жергілікті билік өкілдері оның «Ресеймен дос елдерге» баратынын айтқан.

    Ресеймен соғысқа байланысты Украинаның Қара теңіз портында шетел нарығына арналған миллиондаған тонна астық жиналып қалған. БҰҰ бұл астық порттан шығарылмаса, Африка, Азия мен Таяу Шығыстың кедей елдерінде аштық болуы мүмкін деп отыр.

    Украина билігінің мәліметіне қарағанда, Ресей басып кіргелі Украина жерінен кемі 400 мың тонна астық ұрланған. Ресей астық ұрладым деп есептемейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →