Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Жолдағы жауапсыздық: Астанада жол жиегінде тұрған жүргізушіні көлік қағып, мерт қылды •

    Құрбан айт мерекесі қай күні тойланады?

    9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

    Құрбан айт – мұсылмандардың жыл сайын атап өтетін қасиетті діни мерекесі. Биыл Құрбан айттың бірінші күні – 9 шілде сәйкес келеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

    «Һижри жыл санауы бойынша 1443 жылдың зұлхижжа айының басталуы 30 маусым болып бекітілді. Ал арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді. 9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

    Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған.

    Ал арапа күні ораза тұту – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін», – деген.

    Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят) деп бұйырған.

    Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей. Ізгі ниетпен шалатын құрбандығымыз, қажылық сапарында жүрген жерлестеріміздің қажылығы қабыл болғай. Әмин!» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →