Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 18 қараша 2026 $ 444,1↓€ 488,9↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қанат Құлмағамбетов Исраил Сүлейменовпен жекпе-жек өткізеді • Мәдина Сәдуақасова түнгі Шымкенттегі жаңа образын көрсетті • Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің қиындықтарын еске алды • СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ: ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАТТЫҒУЛАР, ЖАҢА НЫСАНДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІСТЕР • Нұрлыбек Нәлібаев туризм мен спортты дамыту жөніндегі кеңес өткізді • Ақтөбеде балалар балабақшаға жету үшін лай кешіп жүр: әкімдік жолды қашан жөндейді? • Қанат Құлмағамбетов Исраил Сүлейменовпен жекпе-жек өткізеді • Мәдина Сәдуақасова түнгі Шымкенттегі жаңа образын көрсетті • Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина отбасылық өмірінің қиындықтарын еске алды • СПОРТТЫҚ АЛМАТЫ: ҚОЛЖЕТІМДІ ЖАТТЫҒУЛАР, ЖАҢА НЫСАНДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІСТЕР • Нұрлыбек Нәлібаев туризм мен спортты дамыту жөніндегі кеңес өткізді • Ақтөбеде балалар балабақшаға жету үшін лай кешіп жүр: әкімдік жолды қашан жөндейді? •

    ҰҚК басшысының орынбасары Асқар Амерханов Самат Әбішке қатысты айтты

    ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш тергеу орбитасында. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Амерханов мәлімдеді, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтемес жасап.

    «Самат Әбіш те тергеу орбитасында. Ол куәлік береді, оның мәртебесін білмеймін. Ол Қазақстанда. Мен оны өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу жүріп жатыр, ол осында болуы тиіс», — деді Амерханов.

    Ол тергеу жалғасып жатқанын және оның анық-қанығы жарияланбайтынын айтты.

    «Білесіздер, (қазір тергеуде — еск.) бұрынғы төраға, оның үш орынбасары және тағы төрт аумақтық департамент басшысы — Қызылорда және Алматы облыстары, Алматы бойынша және төртіншісі — бесінші департаменттің бұрынғы басшысы», — деп түсіндірді Амерханов.

    Оның айтуынша, басшыларға қатысты тергеу ҰҚК-ның бұрынғы басшысы мен оның орынбасарларына қатысты баптар, сонымен қатар «Әрекетсіздік» және «Немқұрайлылық» баптары бойынша жүргізіліп жатыр.

    Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →