Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті: күдікті ұсталды Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі Қарағандыда ер адам мен әйелді атып кетті: күдікті ұсталды Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады Мемлекеттік грант иегерлерінің жұмыспен өтеу мерзімі қандай? «Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам адам тіркелді Алматы облысындағы тұрғын үй ауласында 2 баланы көлік қағып кетті Қазақстандықтардың 68%-ы өмір сүру жағдайының жақсарғанын атап өтіп, одан әрі дамуды күтеді — ҰТО зерттеуі

    Ауруханадан абақтыға: журналист Арыстанбек Мұхамедиұлының қамалғанын мәлімдеді

    Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғанын мәлімдеді. Бұған дейін Антикор оның үстінен іс қозғалып, тергеу басталғанын айтқан болатын.

    1,2 млрд теңгеге жасалған келісімшарттан кінарат таптық деген тергеушілер экс-министрді 146 млн теңгені қалтаға басты деп айыптап отыр. Осы ақпарат ресми жарияланысымен А.Мұхамедиұлының денсаулығы күрт нашарлап, ол ауруханадан бір-ақ шыққан. Алғашында оның суицид жасағаны туралы алып-қашпа әңгіме тарағанымен, музей директорының ресми өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

    Ал, Михаил Козачковтың жазуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханадан емделіп шығып, үйіне барған кезде оны Антикор мамандары алып кетіп, уақытша ұстау изоляторына қамаған.

    Ал Нұр-Сұлтан қалалық сотының мәліметінше бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, қазіргі Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу туралы шешім шықпаған.

    «Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты мамандандырылған тергеу сотына материал түскен жоқ», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Ботагөз Баянова.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →